Өмірбаяны
Мен, Муканов Кадиргазы Камалович 1973 жылы 15 қырқүйекте қазіргі ШҚО, Абай ауданы, Шаған селосында дүниеге келдім.
1980 жылы Семей облысы Абай ауданы Тоқтамыс ауылындағы Ж.Молдағалиев орта мектебіне барып, 1990 жылы орта мектепті аяқтадым.
- 1990 - 1991 жылдары Семей аяқ киім фабрикасыңда «жүкші» болып еңбек жолымды бастадым.
- 1991 жылы Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы Семей педагогикалык институтына түсіп, «Семей» мемлекеттік университетін «Физика, информатика және есептеу техникасы» мамандығы бойынша 1996 жылы бітірдім. Мемлекеттік емтихан комиссиясының 1996 жылғы 27 маусым күнгі шешімі бойынша «Физика, информатика және есептеу техникасы пәндерінің мұғалімі» біліктілігі берілді.
1996-1997 жылдары Семей қаласындағы «ИНЕР» ЖШС-де инженер программист болып жұмыс істедім.
1997 жылы Абай ауданындағы Тоқтамыс ауылының Ж Молдағалиев атындағы орта мектепке өз мамандығым бойынша физика, информатика мұғалімі қызметіне кабылдандым.
1999 жылы Абай аудандық «Жыл мұғалімі-99» байқауында үздік жетістікке жеткенім үшін бас жүлде беріліп, дипломмен марапатталдым. 2001 жылы аудандық Информатика пән мұғалімдерінің байқауында жүлделі II орьш иелендім.
5.01 - 24.05.2005 Абай аудандық білім және спорт бөліміне әдіскер болып жұмысқа қабылдандым.
25.05.2005 - 3.10.2006 аралығында ШҚО, Абай ауданының білім бөлімінің бас маманы лауазымдық қызметінде жұмыс істедім.
2006 жылы қазан айында Астана қаласына қоныс аударып, №38 мектеп-лицейіне мамандығым бойынша мұғалім болып жұмысқа қабылданып, 2006-2011 жылдар аралғында оқу ісінің меңгерушісі қызметін атқардым.
2008 жылы «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісін иелендім.
2011 жылы Астана қалалық «Жыл мұғалімі-2011» байқауында бас жүлдеге ие болдым.
2013 – 2015 жылдары Астана қаласы Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дің ақпараттық технологиялар факультетінде магистратурада оқып, 2014 жылы 10 күн Братислава экономикалық университетінде ғылыми-зерттеу тағлымдамасынан өттім. 2015 жылы «Ақпараттандыру жағдайында білім сапасын басқаруды ұйымдастыру технологиясы» тақырыбындағы диссертациялық жұмысымды үздік қорғап, «педагогикалық ғылымдар магистрі» академиялық дәрежесін алды.
- 2015 – 2018 ж.ж. Информатика пәні бойынша Дарын РҒПО орталығында сырттай мектептің жүргізушісі
- 2016 – 2023 ж.ж. Ұлттық бірыңғай тестілеу орталығы жанындағы біліктілік тестілеу бойынша аппеляциялық комиссияның тұрақты мүшесі
- 2016-2021 ж.ж. Оқулық республикалық орталығында жаңа буын информатика оқулықтарының сараптама комиссиясының мүшесі.
- 2020-21 о. ж. Онлайн ТВ сабақтарының информатика пәнінен сарапшысы.
- 2020 жылы қазан айында «Нұр-Сұлтан қаласының Құрметті педагогі» медалімен марапатталды.
- 2024 ж. Алтынсарин төсбелгісінің иегері.
- 2021 жылдан бері Астана қаласы «№38 мектеп-лицей» ШЖҚ МКК директоры лауазымында