✍️Құрметті ата-аналар, оқушылар!
Жаңа 2025-2026 оқу жылына арналған мектеп формасына қойылатын талаптарды ұсынамыз:
ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығына сәйкес:
🔵 мектеп формасының түсі қара-көк
🔹Ұлдардың мектеп формасы:
пиджак, жилет, шалбар, мерекелік жейде, күнделікті жейде, не түймелері бар немесе сыдырмалы тоқылған күрте/кардиган (қысқы мезгілде: трикотаж жилет). Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады. Классикалық аяқ киім.
🔸Қыздардың мектеп формасы:
пиджак, жилет, юбка, шалбар, классикалық жейде, не түймелері бар немесе сыдырмалы тоқылған күрте/кардиган (қысқы уақытта: трикотаж жилет, сарафан). Қыздарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады. Юбка ұзындығы тізе бойында. Классикалық аяқ киім.
Сондай-ақ, мектептің ішкі тәртіп ережесіне сәйкес бағалы әшекейлер тағуға, талапқа сай келмейтін киімдер киюге рұқсат етілмейді.
📌Ата-аналар мен оқушылардан мектеп формасының талаптарын орындауды сұраймыз!
Бұл - ортақ тәртіп пен оқушы мәдениетін қалыптастырудың маңызды бөлігі.