Қамар Нұрланқызы Бірлесова, 1983 жылы 18 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданы, Жамбыл ауылында дүниеге келген. 1990 – 2000 жылдары Бәйдібек ауданы, Жамбыл ауылындағы Ж.Жабаев атындағы орта мектебінде, Алматы қаласы О. Жәутіков атындағы Республикалық мамандандырылған физика-математикалық орта мектеп-интернатында (РСФМСШИ)оқыған. 2001- 2004 ж.ж. «Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік» мемлекеттік университетінің «Математика» мамандығы бойынша оқып, біліктілік алған.2014 – 2016 жылдары Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дің механика-математика факультетінде магистратурада оқып, магистр дәрежесін алған.
Еңбек жолы:
- 2004 – 2008 ж.ж. Шымкент қаласында Қазтұтынуодағының Экономикалық колледжінде математика пәнінің оқытушысы;
- 2008 – 2018 ж.ж. Астана қ., Қазтұтынуодағының Сауда-экономикалық колледжінде математика пәнінің оқытушысы, жалпы пәндер бөлімінің меңгерушісі;.
- 01.02.2018- Астана қаласы, №38 мектеп-лицейде математика пәнінің мұғалімі;
- 01.09.2021 ж – Астана қаласы, №38 мектеп-лицей директорының бейіндік оқыту ісі жөніндегі орынбасары;
Марапаттары:
- Астана қалалық «Үздік пән мұғалімі» конкурсынан II орын;
- «Педагогикалық идеялар фестивалі» конкурсының жүлдегері;
- 2023 жылы Астана қаласы Білім басқармасының алғыс хаты;
Жұмыс нәтижелері:
- 2016-2021 ж.ж. LESSON STUDY сабақты зерттеу бойынша көшбасшы;
- 2024 ж.ж. Педагогтарды аттестаттау бойынша орталығында сараптама комиссиясының мүшесі;
- 2022-2023 ж.ж. «Үздік 10 мектеп» иегері;
- 2023-2024 о. Ж. Әдістемелік орталық елордалық мектеп педагогтарының сабағын бақылау сарапшысы;
- №38 мектеп-лицей 2023 ж. «Үздік олимпиада командасы» номинациясының иегері;