НАУРЫЗ – ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ ОТАНШЫЛДЫҚ АЙЫ «Патриотизм - ата-анаңды құрметтей білуің...», «Тәуелсіздік - тәтті сөз ғана емес, ұлттық жауапкершілік», «Ар-намыс қана тәуелсіздікке тірек бола алады», «Патриотизмі жоқ халық жаны жоқ тәнмен тең» 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні құтты болсын!
Кіру
AA+
Улица Г.Мусрепова 8/1
+7 776 113 0173
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
НАУРЫЗ – ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ ОТАНШЫЛДЫҚ АЙЫ «Патриотизм - ата-анаңды құрметтей білуің...», «Тәуелсіздік - тәтті сөз ғана емес, ұлттық жауапкершілік», «Ар-намыс қана тәуелсіздікке тірек бола алады», «Патриотизмі жоқ халық жаны жоқ тәнмен тең» 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні құтты болсын!
«Әлімхан Ермеков атындағы №38 мектеп-лицей» ШЖҚ МКК

Айгүл Әнуарбекқызы Сагитова, 1975 жылы 5 қаңтарда Семей облысы, Мақаншы ауданы, Мирное селосында дүниеге келген. 1982 – 1992 жылдары Мақаншы ауданы, Мирное ауылындағы Көктерек орта мектебінде оқыған. 1992 – 1996 ж.ж. «Семей» мемлекеттік университетінің «Тарих» мамандығы бойынша оқып, біліктілік алған. 2021 – 2023 жылдары Семей қаласындағы «Alikhan Bokeikhan University»-де тарих факультетінде магистратурада оқып, педагогика ғылымының магистрі дәрежесін алған.

Еңбек жолы

  • 1996 – 2002 ж.ж. Семей қаласындағы Облыстық қыздар гимназиясында тарих пәнінің мұғалімі;
  • 2002-2004 ж.ж. Астана қаласындағы №37 мектепте тарих пәнінің мұғалімі;
  • 2004-2005 ж.ж. Семей көпсалалы колледжінде қоғамдық және гуманитарлық пәндер оқытушысы;
  • 2005-2016 ж.ж.Семейдің М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде тарих пәнінің мұғалімі;
  • 2011-2016 ж.ж. Семейдің М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде бөлім меңгерушісі;
  • 01.09.2016-Астана қаласы, №38 мектеп-лицейінде тарих пәні мұғалімі;
  • 30.12.2017 ж – Астана қаласы, №38 мектеп-лицейінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

 Марапаттары

  • ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасы», 2020 жыл;

Жұмыс нәтижелері

  • 2019 – 2024 ж.ж. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК-ның Педагогтің білімін бағалауға арналған тест тапсырмалары бойынша аппеляциялық комиссияның тұрақты мүшесі;
  • 2020 – 2021 ж.ж. «Алматы дарыны» орталығында жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңінің сарапшысы;
  • 2023 жылы қарашада Ұлттық біліктілік тестілеуге арналған тест тапсырмаларын апробациядан өткізу мүшесі;
  • 2022-2024 ж.ж. Астана қалалық «Педагогтер қауымдастығының» мүшесі.